Қолөнер шебері мешіттің макетін жасап шығарды
Роман Жұлдызғалиұлы – қолөнер шебері, әуесқой суретші. Хоббиі әр түрлі ғимараттардың пішінін жасау. Әскерде жүрген кезінде әскери бөлімнің оқу-жаттығу алаңының пішінін құрастырып, сол арқылы үздіктер қатарынан көрінген екен. Қазіргі уақытта асыл дініміздің құндылықтарын бойына сіңіріп, Алланың есімдері мен мешіттердің ғимаратын қағаз бетіне түсіруге әуестеніп келеді. «Осы жұмысым арқылы шабытым ашылып, ісіме береке кіргендей болады, жасаған туындыларым эстетикалық тұрғыдан да әдемі көрінеді» дейді Роман Жұлдызғалиұлы. Қазіргі уақытта Романның қолынан шыққан туындыларға сұраныс артып...