Қолөнер шебері мешіттің макетін жасап шығарды
Қолөнер шебері мешіттің макетін жасап шығарды

Роман Жұлдызғалиұлы –  қолөнер шебері, әуесқой суретші.

Хоббиі әр түрлі ғимараттардың пішінін жасау. Әскерде жүрген кезінде әскери бөлімнің оқу-жаттығу алаңының пішінін құрастырып, сол арқылы үздіктер қатарынан көрінген екен.

Қазіргі уақытта асыл дініміздің құндылықтарын бойына сіңіріп, Алланың есімдері мен мешіттердің ғимаратын қағаз бетіне түсіруге әуестеніп келеді.

«Осы жұмысым арқылы шабытым ашылып, ісіме береке кіргендей болады, жасаған туындыларым эстетикалық тұрғыдан да әдемі көрінеді» дейді Роман Жұлдызғалиұлы.

Қазіргі уақытта Романның қолынан шыққан туындыларға сұраныс артып келеді.

«Мешіттердің сәулеті өзіме ерекше ұнайды. Ең алдымен, қаламыздағы «Иманғали» орталық мешітінің макетін жасадым. Одан кейін Алла есімі жазылған жар сағаттар мен түрлі ру-шежірелер жазылған көрнекі дүниелер жасай бастадым. Осы іске себепкер болған інім еді. Мектептегі байқауларына түрлі пішіндегі ғаимараттар макетін жасап беретінмін» дейді Роман.

Нұркен МағриденұлыНұркен Мағриденұлы
2 жыл бұрын 4721
0 пікір
Блог туралы