Сарайшықтың Ислам әлеміндегі орны
Сарайшықтың Ислам әлеміндегі орны

Сарайшық ортағасырдағы ерекше маңызға ие қала. Дешті Қыпшақ даласындағы алғашқы тарихи-мәдени қатынастардың барлығы Сарайшық қаласымен тікелей байланысты.

Ислам дінінің келуі өркениетке ілескен көшті алға сүйрей алды ма? Кейбір пікірлерге сүйенсек Ислам дінінің келуі негізінде тарихи-әдени нысандар жойылып, рухани жұтаң тартқанымыз айтылады.

Әбілсейтіт Мұхтар,

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК басшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Алтын Орда, Ұлық ұлыс империясы, Жошы ұлыы құрылғаннан кейін біртіндеп Ислам діні әлемдік дінге айнала бастады. Осы кезеңде Сарайшық екі кезеңнің ортасындағы көпірге айналды. Біз ортағасырлық деректеге назар аударатын болсақ, 16 ғасырдағы Өтеміс қажыға, 17 ғасырдағы Әбілғазының 18 ғасырдағы Әбдіғаппар Қырымидың еңбектеріне қарайтын болсақ бұның барлығынан ислам дініндегі Сарайшықтың атқарған рөлін байқайтын боламыз. Хронологиялық жағынан Өтеміс қажының еңбектерін сараласақ:

«Берке хан Сарайшыққа келді, оның жанында ислам дінін қабылдаған 500 адам болды. Ол Сарайшықтан шығып Сарай Батуға кетті»,- деп жазады.

Ал Әбілғазы еңбектерінде: Берке хан әуелі Ислам дінінің заңдылықтары мен қағидаттарымен танысты. Сарайшыққа келіп жатқан саудагерлер мен көпестермен әңгімелесті, осыдан кейін Ислам дініннің ұлылығын сезінді және дінді қабылдады деп жазады.

Сол кезеңдегі мешіттер мен медреселер қазіргі университет колледждің деңгейінде болғанын ұмытпаған жөн. Мешіттер дін тарататын орталық қана емес, білім мен ғылымның ордасы болған. Адамзат тек құрғақ сеніммен күн кеше алмайтынын түсінді.

Ислам дінінің дамуын орта ғасырды зерттеушілер үш кезеңге бөледі. Бірінші кезең Берке ханнан  Өзбек ханға, Өзбек ханнан Жәнібек ханға және ары қарай. Бұл кезеңде орта азиядан миссионерлер көптеп келе бастады. Бұхарадан бастап ислам дінінің заңдылықтарын білетін ғұлмалар Сарайшық, Сарай бату, Сарай Берке қалаларына ағылды.

Алтынордадан кейінгі Ноғай билігі орнаған кезеңдерде Ноғай билері қай уақытта да мұсылман дінінде екендігін айтқан. Тарихи деректерде олар: «Құдай біреу, бірақ сеніміміз әр түрлі біз мұсылман жолының сүнниттік бағытындамыз»,- деген деректер келтіреді.

Айбек Тұрарұлы, тарихшы:

Сарайшық қаласында Ислам дінін тарататын сейттер, дәруіштер, хафиздар болғаны туралы деректер бар. Соның ішінде Мұхаммед с.а.у пайғамбардың ұрпақтары сейттер осы жерде дін таратумен айналысқан. Олар ханның жанында болып ақыл-кеңес айтатын болған. Оларды өлім жазасына кесе алмайды, тек жер аударып немесе түрмеге тоғыта алған.

Қазіргі таңда археологиялық мәліметтер бойынша Сарайшық қаласынан ислам дінінің элементтері көрініс береді. Қайтыс болған адамды құбылаға қаратып жерлеу, мешіт сыртын безендірген арапша жазулар мен құран аяттары жазылған қыш ыдыстар, жүзіктер табылды.

Берке ханның тұсында ислам дінінің насихатталуының тағы бір себебі қыпшақ жерінен құл болып Мысыр еліне сатылып кеткен Бейбарыс сұлтанның Алтын Орда ханы Беркеге мұсылмандық ретпен, дипломатиялық байланыспен келген елшілігі үлкен әсер еткен.

Арабтың әйгілі саяхатшысы Ибн Батута өз естелігінде 1334 жылы Сарайшықта болған кезінде діндарларға арналаған Зәбия деп аталатын арнайы үй болғандығы айтылады. Сол жерлерде діни дәрістер жүргізілген деседі. Сарайшықты халықтың  киелі,әулиелі жер деп атауының өзі бұл топырақта Ислам дінін жүрегімен сезініп, сол жолда еңбек еткен жандардың жерленген жері. Аңыз бен ақиқат қатар жүрген бұл мекеннің киелілігі осында болса керекті

Нұркен МағриденұлыНұркен Мағриденұлы
1 жыл бұрын 1663
0 пікір
Блог туралы