Ислам дінін қабылдаған Денис нені армандайтынын айтты
Діндарлар адам мұсылман болып туылады, алайда қай дінде болатыны ата-анасы, өскен ортасына байланысты деп жатады. Қай дінді алып қарасақ та мейірімділік пен қамқорлыққа, ауызбірлікке үндейтіні ақиқат. Алланың жердегі үйін паналап, қамқорлық көріп, жүрегі тынышталып, иманын бекітіп жүрген жандар аз емес. Солардың бірі – Денис Владимирович. Мұсылманша азан шақырып қойған есімі Дәуіт Аманжолов. Денис жетім балалар үйінде өскен, тәрбиеленген. Тіршіліктің қатал сынына тап болып, тағдыр тауқыметін бала күнінен кешен жан. Кәмелеттік жасқа толған соң әр жерде арба сүйреп, базарда әр түрлі ауыр...