8 жасар Ахмет Құран сайысында топ жарды
8 жасар Ахмет Құран сайысында топ жарды

Атырау қаласында «Анашым» мешітінің ашылғанына бір жыл толуына орай облыстық Құран сайысы өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша 7 жасқа дейінгі «Фил» мен «Нас» аралығындағы сүрелерді жатқа айту бойынша, ең жас қатысушы Мұсабек Санжарбекұлы бірінші орынды иеленді.

«Дұха» және «Нәс» аралығындағы сүрелерді жатқа айту бойынша, бірінші орынға Арман Серіков лайық деп танылды. Жүлделі үшінші орынды Сұлтан Саматұлы, екінші орынды Базарбай Нұрым еншіледі.

30-шы параны жатқа айту бойынша, бірінші орынды Ахмет Олжасұлы қанжығалады.

Екінші орын Есен Саматовқа, үшінші орын Ерназар Ибатовқа бұйырды.

Жеңімпаздардың барлығына дипломдар мен қаржылай сертификаттар табысталды.

Нұркен МағриденұлыНұркен Мағриденұлы
2 года назад 2280
0 комментариев
О блоге